Айбары асқақ Астана
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 16 кітапханада «Айбары асқақ Астана» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар Астананың өткені мен бүгінінен сыр шертетін құнды деректерге толы кітаптармен, фотосуреттермен жақын танысып, өздеріне қажетті ақпараттар алды.







