Құрқылтай – қасиетті құс

  Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №20 кітапхана «Құрқылтай – қасиетті құс» атты онлайн балалар сағатын оқырман назарына ұсынады.
  Құрқылтай – торғайтәрізділер отрядының бір туысы. Қазақстанда тұқымдастың негізгі туысына жататын 3 түрі кездеседі: кәдімгі құрқылтай, қаратөс құрқылтай және қамысшыл құрқылтай. Қазақ халқында құрқылтай құс – қасиетті де киелі болып есептеліп, оның ұясы 80 түрлі ауруға ем  болатын қасиетке ие деп айтады. Ол ұясын қаупі аздау тоғайдағы биіктеу ағаштың ұшар басындағы бұтағына немесе екі бұтақтың ұштасқан жеріне тоқып «іледі». Сонымен қатар құс ұясын салуға жібектің қылшықтарын ғана пайдаланады, өзге де мақта, синтетика сынды маталарға тиіспейді. Дегенмен ем екен деп қасиетті құстың ұясын балапандары қанаттанбаған кезде алып, оның көбеюіне зиян тигізбеу жағын да ұмытпаған жөн.
05 шілде 2023 ж. 186

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам