Астана - айбынды ақ ордам
Қалалық кітапханалар жүйесіне қарасты №15 Талсуат ауылдық кітапханасында «Астана - айбынды ақ ордам» атты мерекелік кеш өткізілді. Іс шара барысында Астана қаласының тарихы жайлы әдебиеттер кітап көрмесі бойынша таныстырылды. Жас оқырмандар Қ.Сариннің «Астана», С.Махановтің «Өркендей бер, Астана», А.Орынбасаровтың «Елорда», «Ей, Астана» өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып, әндер шырқалды.







