Балаларға аялы алақан
1-маусым балаларды қорғау күніне орай №2 балалар кітапханасында мектепішілік жазғы демалыс лагерінің балаларының қатысуымен «Балаларға аялы алақан» атты ертенгілік өтті. Ертенгілік барысында балалар өлең-жырларды жатқа оқып, Ә.Болатқызы «Ұстазым», А.Тұрсынбай «Анашым» әңдерін айтты. Өнерлі қыздар бірнеше билер орындап кештің сәнін келтірді. Ойынға балалар белсене қатысып, жұмбақ шешіп, жаңылтпаштар айтып жарысты. Шара соңында кітапхана қызметкерлерінің тарапынан әр қатысушы балаларға балмұздақ таратылды.







