Табиғат таңғажайыптары.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 16 кітапхананың ұйымдастыруымен «Жазғы кітапхана» бағдарламасы аясында №211 мектеп жанындағы «Күншуақ» жазғы тынығу лагерінің оқушыларымен «Табиғат таңғажайыптары» атты қызықты ақпарат сағаты өткізілді. Табиғат ғажаптары тереғірек сөз болып, табиғаттың жасыл желегі мен аң – құсын аялау, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір азаматтың борышы екендігі түсіндірілді. Оқушылар үш топқа бөлініп, адасқан әріптерді орнына қою арқылы құс атауларын тапты. Табиғат туралы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер айтылды.Туған жерге байланысты таратылған тірек сөздерден қанатты сөз жасап шығарып, табиғаттың әсем жерлерінен бейнеролик көрсетілді.Табиғат туралы қызықты кітаптар мен энциклопедиялар, анықтамалықтар таныстырылып, ақпарат сағаты қызықты аяқталды.







