Домбыра-қазақ халқының мұрасы.

   А.С.Пушкин атындағы   орталық  кітапханада 1-шілде Ұлттық  домбыра   күніне орай  «Домбыра-қазақ халқының мұрасы» атты  өнер кеші  өткізіліп,  «Ұлы өнер-ұрпаққа үлгі» атты кең көлемді  кітап көрмесі ұйымдастырылды. Өнер кеші  барысында қаламыздағы  Жаппасбай Нұрсейітов атындағы №233 орта мектеп және Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мектептің өнерлі оқушылары  Қасқырбек Саламат  және кітапханамыздың кішкентай оқырманы Жансерік Нұрәлі   Құрманғазының «Адай», «Балбырауын» күйлерін орындап көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.  Жас оқырмандар   қазақ ақындарының домбыра жайлы толғауларын тебірене жатқа оқып,  кітап қорындағы әдебиеттер кеңінен таныстырылды.  Шараның мақсаты – жастарға Ұлттық домбыра  күнінің  маңыздылығын көрсету, домбыра аспабының тарихымен таныстыру, жастарды   өнерді  құрметтеуге баулу, қазақтың халық шығармашылығын    насихаттау,ұлттық өнерге қолдау көрсету, кітапханаға оқырман тарту. 
  
03 шілде 2023 ж. 197

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам