Спорт деген бір сиқыр.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхана «Жазғы кітап» бағдарламасы аясында жас ұрпаққа салауатты өмір салтына қалыптастыру, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық намысы мол жігерлі ұрпақ тәрбиелеу мақсатында «Спорт деген бір сиқыр» атты спорт сағатын ұйымдастырды.Кітапхана қызметкерлері Отандық спорттың тарихы, даму белестері, ұрпаққа үлгі болатын жеңіске жеткен үздік спортшылардың жетістіктері,өмірлері туралы мағлұматтар беріп, әдебиеттермен кеңінен таныстырды.







