Көк аспанда күн күлсін, Бірге күлсін бүлдіршін
Қалалық №1 кітапханада «Көк аспанда күн күлсін, Бірге күлсін бүлдіршін» тақырыбында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған көпшілік серуен өткізілді. Көпшілік серуен барысында балалар кітапханаға саяхат жасап, кітапхана қорымен, тұрақты кітап көрмелерімен, өздеріне арналған көркемсуретті қызықты әдебиеттермен танысты. Сондай-ақ балалар арасында сурет салу, спорттық ойындар ұйымдастырылды. Әсіресе балаларға қуаныш сыйлаған ертегілер кейіпкерлерімен ұйымдастырылған сұрақ-жауап ойыны қызықты өтті. Шара барысында өз кезегінде өнер көрсеткен балаларға сыйлықтар берілсе, жалпы қатысушыларға Тасбөгет кенті әкімшілігі мен демеушілердің ұйымдастыруымен тегін балдай тәтті балмұздақ таратылды.







