Өмірі өнеге болған ұлт анасы.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапханада Еңбек Ері ,күрішші Ұлбала Алтайбаеваның 100 жылдығына орай «Өмірі өнеге болған ұлт анасы» атты өнеге сағатын К.Қаракөзов атындағы №235 орта мектеп оқушылары, кітапхана қызметкерлері қатысуымен ұйымдастырылды. Шара барысында кітапхана қызметкерлері Ұ.Алтайбаеваның еңбектегі ерлігі, өнегелі өмірі, ұлағаттылығы туралы жазылған Нұрғали Оспанов пен Дархан Сапаровтың «Батыр ана, Еңбек Ері» және Есенгелді Шілдебаевтың «Алтын жұлдызды ана» атты кітаптарымен таныстырып, оқуға ұсынды. Оқырмандарды ақ күріштен тау тұрғызған, еңбектің ерен үлгісін көрсеткен, Социалистік Еңбек Ері Ұлбала Алтайбаеваның еңбегін насихаттау.







