Шежірелі, шерлі ғұмыр.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхананың ұйымдастыруымен ұлы ойшыл ақын, жазушы, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай «Шежірелі, шерлі ғұмыр » атты Шәкәрім оқулары өткізілді. Шараға кітапханамыздың тұрақты оқырмандары Жағыппар Зере, Тұрдалы Сұлтанахмет, Қасқырбай Томирис, Қасқырбай Іңкәр қатысты.Қатысушылар ғұлама ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап берді. Кітапханада кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге С.Ізтілеуованың «Шәкәрімнің сырлы сөзі», Г.Апееваның «Абайдың ақындық дәстүрі және Шәкәрім поэмалары», Б.Әбдіғазыұлының «Шәкәрім әлемі» атты кітаптар мен журналдар қойылып, оқырмандардың ерекше сұранысына ие болды.







