Спорт саңлақтары.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 16 кітапхананың ұйымдастыруымен «Жазғы кітап» бағдарламасы аясында өскелең ұрпаққа танымал спортшылар туралы мәлімет беру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Наман ата» спорт кешенінде «Спорт саңлақтары» атты танымдық сағаты өткізілді. Қайсарлық пен жігерлігімен көзге түсіп, сан сайыста жеңіс тұғырынан көрінетін,шет жерлерде де Отанымыздың ар – абыройын жоғары ұстап, даңқын көтерген спортшылары мыздың өмірбаяны,жеткен жетістіктері туралы мағлұматтар беріліп,әдебиеттермен кеңінен таныстырылды.







