Жазғы кітапхана.
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхананың ұйымдастыруымен«Жазғы кітапхана» жобасы аясында «Нұр әлемі» балабақшасының бүлдіршіндері қатысуымен «Ертегім сыр шертеді»атты қызықты кітаптар сағаты өткізілді.Шара барысында ертегі кейіпкерлерінен көрініс көрсетіліп,«Ер Төстік», «Алтын сақа», «Жеті лақ», «Құмырсқаның қанағаты», «Екі әтеш», «Құйыршық» тағы басқа ертегілер дауыстап оқылды. Ертегі кітаптардан «Біз қай кітаптанбыз» тақырыбында сұрақтар қойылып, сергіту ойындары ойнатылды.









