Әрі тағам, әрі шипа
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №13 балалар кітапханасында «Бөбек» санаториялық бөбекжай балалабақшасы жас бүлдірішіндерінің қатысуымен «Әрі тағам, әрі шипа» таным сағаты өткізілді. Қалалық №4 емхананың дәрігерлері Абдирева Зарина, Махмутова Жамиля Адам денсаулығына пайдалы жеміс-жидектер туралы мәліметтер айтып, балаларды уақытылы тамақ ішіп денсаулықты күтудің маңыздылығын балаларға түсіндірді. Балалардың қызықты сұрағына жауап беріліп, олар кітап қорындағы тақырыпқа сай әдебиеттермен танысты. Қатысқан оқырман саны - 29







