Төрт түліктің төресі кім.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №13 балалар кітапханасында «Төрт түліктің төресі кім » атты сұрақ –жауап сайысы өткізілді. Төрт түлік туралы көптеген мәліметтерге қаныққан балалар қызықты кітаптармен кеңінен танысты. Ойын барысында кітапхананың жас оқырмандары Д.Рысбай, С.Орынбай, А.Ахан белсенділік көрсетіп, сыйлықққа ие болды . Кітаптардан қызықты әңгімелер оқылып , өлеңдер айтылды, жұмбақ шешіліп, мақал- мәтелдер айтылды.







