Көркем сөздің шебері.

Қызылорда қалалық  орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты  №15 Талсуат ауылдық кітапханасында ақын  М.Жұмабаевтың 130 жылдығына орай «Көркем сөздің шебері»  атты әдеби оқу  жас оқырмандар қатысуымен өткізілді. Ақынның өмірі мен шығармашылығы жан-жақты насихатталып, өлеңмен өрілген ақын поэзиясы кеңінен таныстырылды. Жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеп, ана тілі мен мәдениетті жетік біліп, поэзияны қастерлеуге, өлеңді сүйіп оқуға бейімдеу мақсатындағы шара барысында  «Ана», «Анама»,  “Қазақ тілі», «Мен кім», «Түркістан», «Мен жастарға сенемін»  өлеңдері  мәнерлеп оқылып,  «Сарыарқа» күйі тыңдалды.
22 тамыз 2023 ж. 326

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам