Ғажапстанға саяхат.

Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхана «Жазғы кітап» бағдарламасы аясында жазушы, Ахмет Байтұрсынов атындағы Ұлттық сыйлықтың лауреаты, жерлесіміз Серік Байхоновтың 70 жылдық мерейтойына орай қаламгердің «Ғажапстанға саяхат» атты табиғат кітабы бойынша қызықты хабарлама сағатын өткізді.Жазушының   қазақ жерінің күретамыры іспеттес Сырдария өзенінің тағдыры жайлы «Сал үстіндегі маусым», Қызылқұм шөліндегі көне арналар құпиясы жайлы сыр шертетін «Арналарға тіл бітсе», Алтай мен Жетісу жеріндегі өсімдіктер әлемі жайлы «Өсімдіктер әлеміне саяхат», сондай-ақ «Аралға - араша» және «Бетпақдала – шөл емес» атты 5 бөлімді қамтитын ауқымды көркем-деректі еңбегі кеңінен насихатталды.Мақсаты – табиғат кітабын оқырманға ұсыну арқылы туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, таным көкжиектерін кеңейту, табиғатқа жанашырлықпен қарауға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу болып табылады. 
29 тамыз 2023 ж. 340

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам