Ұлық тұтар Ұлы заң.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №16 кітапхананың ұйымдастыруымен «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында» 30 тамыз - Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай «Ұлық тұтар Ұлы заң» атты танымдық сағаты өткізілді.Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды. Оқырмандарға видеоролик арқылы Ата Заңымыздың маңыздылығы, шығу тарихы, азаматтардың құқығы мен міндеттері жайлы мағлұматтар берілді. Жас оқырмандар Ата заң туралы өлеңдер оқып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар «Елдіктің алтын арқауы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, таныстырылды.
Ата Заңымыз туралы мәліметтер беру, Республика Конституциясына сый-құрметпен қарауға баулу.
Ата Заңымыз туралы мәліметтер беру, Республика Конституциясына сый-құрметпен қарауға баулу.







