Конституция – еліміздің Ата Заңы.
Қалалық орталықтандырылған кітапханаплар жүйесіне қарасты № 13 балалар кітапханасы «ГүлНұрАй» бөбекжай балабақшасында 30 тамыз – Конституция күніне орай «Конституция – еліміздің Ата Заңы» атты тарихи саяхатты «Жауқазын» ересек тобының бүлдіршіндірмен өткізді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын бүлдіршіндердің қормен айтуымен ашылып, кітапхананың белсенді оқырманы Совет Сезім Айбатыр Сейтақтың «Азат елдің ар - намысы – Ата Заң!», Мүсілім Дархан, Түлен Амина, Әбутәліп Ханшайым, Алтыру Айзере, Сәрсенбай Ерасыл, Әли Әлихан, Базарбай Гүлден, Талғат Қасымхан, Серікбол Диана, Әбілез Айсұлтан, Құралай Жігер, Мұхаметжан Әлихан т.б. бүлдіршіндер қазақ ақындарының патриоттық, азаматтық рухтағы өлең шумақтарын жатқа айтып, «Татулықта күшіміз». атты әнді хормен орындады. Шараны балабақша тәрбиешісі Өмірзақова Әмина Серікқызы ата заңымыздың маңыздылығы туралы айтып, қортындылады.









