Біз бақытты балдырған
№ 189 орта мектеп жанынан құралған жазғы "Жас өркен"тынығу лагерінің ашылу салтанатына орай, "Біз бақытты балдырған" атты, ертеңгілікті № 14 филиал Белкөл кенті кітапханасы және клуб қызметкерлері ұйымдастыруымен өткізілді. Шара барысында "Балаларға базарлық" атты кітап көрмесі ұйымдастырылып таныстырылды. Қызықты концерттік бағдарламалар өткізіліп, ойындар ұйымдастырылды. Белкөл кенті әкімшілігінің қолдауымен оқушыларға ерекше көңіл бөлініп, тегін балмұздақтар мен сыйлықтар таратылды.







