Ата Заңым - алтын қазығым.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 4 кітапханада 30 тамыз - Еліміздің Конституциясы күніне орай «Ата Заңым - алтын қазығым» атты танымдық сағат жас оқырмандар қатысуымен өткізілді.Шара барысында ата заңымыздың мән-мағынасы айтылып, негізгі баптарымен тараулары таныстырылды. Жастардың осы заң негізіндегі негізгі құқықтары мен мүмкіндіктері, олардың тегін білім алып, еңбек етуі, еркін өмір сүру қағидалары туралы түсінік берілді.Тақырып бойынша әдебиеттері таныстырылып, оқуға ұсынылды.







