Ел болашағы - білімде
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада 1- қыркүйек Білім күніне орай «Ел болашағы - білімде» атты кітапханалық прайм-тайм ашық есік күні өтті.
Ашық есік күніне ҚМУ-нің «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 1-курс студенттері Қалқазыбек Нүркен,Әбдімәлік Әліби, Жолдасбек Мұхтар, Дүйсенбек Илияс және де М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 1-курс студенттері Мұрат Айтжан, Сағындық Нұрислам қатысып, кітапхана тарихымен, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерімен, кітапхананың пайдалану ережелерімен танысты. Сонымен қатар, биылғы «Бір ел-бір кітап» республикалық акция аясындағы жыл таңдауы Төлен Әбдікұлының шығармашылығына арналған « Зерделі талант, білімді қаламгер » атты кітап көрмесімен, 5 қыркүйек – ҚР Халықтарының тілдері күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Тілім менің – қасиетім, ардағым» атты кітап көрмесімен, «Мерейтойлар мен атаулы күндер», «Кітап оқы-жас ұрпақ», «Әдеби калейдоскоп » т.б креативті кітап көрмелерімен жақын танысып, кітапхана жайлы біраз мағлұматтар алды. Шара соңында оқырмандарымыз кітапхананың сервистік және ақпараттық қызметтерімен танысып, сұрақтарына жауап алды. Шара нәтижесі бойынша кітапханаға 6-оқырман жазылды.