Тіл қазақтың тамыры
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №5 Абай ауылдық кітапханасында «Тіл қазақтың тамыры» атты әдеби оқу өткізілді. Әдеби оқу барысында кітапхананың белсенді оқырмандары №138 мектептің оқушылары М.Мақатаевтің, Қ,Мырзалиевтің, М.Шахановтың өлеңдерін оқып, Қанат Айжан ана тіліне деген сүйіспеншілігін жеке өлең жолдарымен жеткізе білді. Шара барысында «Тіл қазақтың байлығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.







