Тіл – татулық тірегі
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхана 5 қыркүйек Қазақстан Халқы тілдері мерекесіне орай «Тіл – татулық тірегі» атты танымдық сағат өткізді. Оқырмандардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, мәдениетті сөйлеуге баулу, ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін сөздерін насихаттау, Қазақстанстанда тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеуге тәрбиелеу және таным көкжиектерін кеңейту мақсатындағы шараға К. Қаракөзов атындағы №235 мектеп-гимназияның ұстаздары мен оқушылары қатысты. Шара барысында мерекелік күннің мән-мағынасы жайлы кеңінен айтылып, жас оқырмандар қазақ ақындарының тіл туралы жырларын жатқа оқып, әдебиеттермен кеңінен танысты.







