Бақыт отбасынан басталады
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №1 кітапхананың ұйымдастыруымен «Бақыт отбасынан басталады» атты отбасы бенефисі болып өтті.
Шара барысында отбасының тірегі, асқар тау әке – Достыбаев Қалиядин аға жұбайы Сүлейменова Камшат апайды ерте келіп, өнегелі әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, өмірдің ыстық-суығына бірге төзген жұбайымен, қуанышты күндер мен қиын сәттерде бір-біріне сүйеу болып өткізген шақтарды әсерлеп баяндап берді. «Отбасы іргесінің берік болуы ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластық пен шыдамдылықта. Біреу айтқан қаңқу сөзге ермей, бір-біріне деген сенімділікті жоғалтпау шаңырақтың шаттығын еселей түседі»,- деген ол жұбайының бала тәрбиесімен айналысып, өзінің абыройлы еңбек етуіне айтарлықтай үлесін қосқанын жеткізді. Шараға Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейінің 9 В сынып оқушылары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Серікқызы Алтын, кітапханашысы Байменова Шолпан және кітапхана оқырмандары қатысты. Отбасы тәлім-тәрбиесі туралы әдебиеттер таныстырылып, насихатталды.Шара соңында Серікқызы Алтын апайға сөз кезегі беріліп, Достыбаевтар отбасына өз тілегін, алғысын білдірді. №1 кітапхана қызметкерлері сый-сияпат көрсетті.