«Қыз Бәтіш пен Ерсейіт» хикаяты
«Бір ел- бір кітап» республикалық акциясы аясында оқуға ұсынылған жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын насихаттау мақсатында №5 кітапханада «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт» хикаятынан кітап талдауы Абай орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен өқытушылары қатысуымен өткізілді. Шара барысында жазушы шығармасындағы ауыл адамдарының аңқылдақ кіршіксіз ақкөңіл адалдығы, ішкі ой- сезім мінездері, қазақы тірлігі туралы тереңірек айтылып, шығарманың басты кейіпкерлерінің жағымды жағымсыз қылықтары талқыланды. Жазушы шығармалары бойынша кітап көрмесі ұйымдастырылып кеңінен таныстырылды.


