Рухани жаңғыру - жастар көзімен
Мемлекет басшысының жыл сайын халыққа арналған жолдауында үнемі жастарды қолдап, оларға тек білім мен кәсіби маман болуға және де жастарға артқан үміті мен сенімі мол екенін айтып отырады. Осы орайда, жүйеге қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада "Рухани жаңғыру - жастар көзімен» атты тақырып аясында Сыр жастары бас қосты. Шара барысында Абылайхан атындағы №140 орта мектебінің Жастар ұйымының төрайымы С.Б.Байдарбесова бастаған бір топ мұғалім жастар қатысып, рухани жаңғырудың басты тетігі тарих пен өткенді жоғалтпау керек екендігі жөнінде өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, Салтанат Бахытбекқызы Сыр жастарының алдына қойылған мақсат-міндеттері мен жастарды қолдау бағыты аясында жасалған жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті. Шараға жиналған жастар арнайы ұйымдастырылған «ХХІ ғасыр жастары» атты кітап көрмесімен танысып, Сыр жастарының туған қаласына сүйіспеншілігін арттыру мақсатында жарыққа шыққан «Жастар жырлайды», «Сыр сандық», «Сыр жастары жырлайды» т.б кітаптары ерекше сұранысқа ие болды. Шара соңында кітапхана ұжымы қоғамдық және қайырымдылық істердің басында жүрген Сыр жастарына алғыс білдірді.


