Шайырлар – Сыр елінің мақтанышы

   Қазақ өркениетінің бастауы – өнер және дәстүр құндылығы. Оның ішінде ғасырдан-ғасырға  жалғасып, жалпы қазақ қоғамының әр кезеңіндегі тарихи оқиғалармен  қатар, ұлт мүддесі,  салт-сана, тұрмыс-тіршілік сипатын арқау еткен жыраулық, жыршылық өнердің бүгінгі беталысы жайлы білгеніміз абзал. Осы орайда  Қызылорда гуманитарлық-экономикалық колледж  студенттерінің қатысуымен «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында А.С.Пушкин атындағы орталық  кітапхана Омар Шораяқұлының 145 жылдығына орай  «Шайырлар – Сыр елінің мақтанышы» атты әдеби дайджест өткізді. Шараға арнайы   «Мәдени мұра-халық қазынасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырман қауымға кеңінен насихатталды. Көрмедегі  Сырдың бойындағы жыраулық өнер туралы, Шораяқтың Омары, тағы басқа  ақын-шайырларымыздың артында қалдырған мол мұрасы  жайлы  кітаптар оқырманның ерекше  сұранысына ие болды.  Шара соңында кітапхана меңгерушісі   Рабаева Лазиза Айнадинқызы жастарымызға көненің көзіндей көптеген туындылар бүгінгі күнге жетіп,  қазақ өнерінің қазыналы мұрасын Сыр өңіріндегі  кейінгі буын жас ақын, шайырлардың шығармашылығынан көріп жүргенін мақтанышпен айтып өтті.  
  Мақсаты : Сыр бойында кең қанат жайған дәстүрлі  жыраулық, шайырлық өнерді, жалпы жыршылық поэзияны насихаттау, кітапханаға оқырман тарту.
15 қыркүйек 2023 ж. 16

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам