Ұлт азаттығының жыршысы
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №19кітапхана «Болашақ» университетінің студенттерінің қатысуымен , Қазақтың ақыны, ағартушы-демократы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына орай «Ұлт азаттығының жыршысы» атты поэтикалық марафон өткізді. Жас ұрпақты қастерлеуге, өлеңді сүйіп оқуға бейімдеу мақсатындағы шара барысында ақын С.Торайғыровтың өмір жолдары мен шығармашылығы кеңінен айтылды. Оқырмандар ақынның"Қамар сұлу" және "Кім жазықты?" шығармаларынан үзінді айтып, өздерінің таңдаулары бойынша жаттаған өлеңдерін мәнерлеп оқыды.


