Еңбектен бақыт тапқан ана
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №8 Ж.Маханбетов ауылдық кітапхана Социалистік Еңбек Ері Ұлбала Алтайбаеваның 100 жылдығына «Еңбектен бақыт тапқан ана» атты портрет кешін оқырман назарына ұсынады. Шара мақсаты: Күріш өсіруші Социалистік Еңбек Ері Ұлбала Алтайбаева өмірі мен еңбек жолдарын насихаттай отырып , еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, еңбек сүйгіштікке, мейірімділікке еңбекті бағалай білуге, жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.







