Гүлдер сыры

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №12 кітапхана «Інжу-Нұр» балабақшасында  жас бүлдіршіндер қатысуымен «Гүлдер сыры» атты қызықты хабарлама сағатын  өткізді. Табиғат энциклопедиясы, Ормандар, Жануарлар әлемі, Тамаша энциклопедиясы, Жер, Өсімдіктер әлемі, Қызықты биология кітаптары бойынша  жас оқырмандарға табиғатқа нелер жатады,  табиғаттың  тамашалары   неде деген сұрақтар төңірегінде   әңгімеленіп, гүлдер туралы, олардың түрлері мен ерекшеліктері, өсу ортасы, өсіру мен баптау туралы айтылды.Балалрға арналған кітаптардан табиғат ғажаптары көрсетіліп,  олардың кітапқа деген қызығушылығын оятты. 
25 қыркүйек 2023 ж. 319

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам