Қайдасың, қасқа құлыным?
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана Смағұл Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледж студенттерінің қатысуымен Оралхан Бөкеевтың «Қайдасың, қасқа құлыным? атты повесінен кітап талдауын өткізді. Әдебиетке өзіндік өрнегін сала келген жазушы оқырманын өзгеге ұқсамайтын ерекшелігімен таңқалдырды. Қаламгер өз шығармаларында табиғат бейнесін көркем суреттеумен қатар, кейіпкерлердің де ішкі жан-дүниесін сол табиғатпен байланыстыра суреттеп отырған. Суреткердің “Қайдасың, қасқа құлыным” атты повесі де туған жерінің ауыл тіршілігін суреттелуімен бастау алып, әкеге деген сағынышты арқау етеді. Кітап талдау барысында, оқырмандар әкенің көпті көрген әңгімелерін сөз етті. Туынды желісі бойынша колледж студенттері Сатымова Жансая, Яхиева Элеанора, Қожахмет Гүлжан, Ибрагимова Аружан, Берік Айдана кітаптың мазмұныны аша әңгімелеп ойларымен бөлісті.
Жазушы шығармасының негізгі идеясы - адамдардың психологиясын тереңінен зерттеу деген қортындыға келе отырып, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Г.С.Изтилеуова жазушы қаламынан туған көптеген мазмұны терең, әрі философиялық ойға толы керемет туындылар туралы айтып өтті. Шығармалары кеңінен таныстырылып, оқуға ұсынылды.