Бала деген бір бақыт
1- Маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай №13 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен №11мектеп-лицейінің жанынан құрылған «Ақ көгершін» атты күндізгі тынығу лагеріндегі балалармен «Бала деген бір бақыт» атты мерекелік ертеңгілік болып өтті. Балалар мереке өткізілетін орынды арнайы шарлар, жалаушалар іліп әсем безендірді. Шара барысында оқырмандар ән айтып, би билеп , өлеңдер оқыды. Кітапхананың белсенді оқырмандары қазақ ақындары М.Мақатаевтың «Ана» А.Құнанбаевтың «Жаз», Ө.Тұрманжановтың «Кел балалар күлейік», С.Қалиев «Біз шадыман баламыз», «Менің елім» атты өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар кітапханашы апайлар балаларға арналған «Ғажайып ертегілер әлемінде» атты ертегі кітаптардан дауыстап оқу өткізілді. Шара соңында балаларға кітапхананың атынан балмұздақ таратылды.







