Қайырсыз жұма

    Қалалық жүйеге қарасты №1 кітапхананың ұйымдастыруымен «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында  шығармалары оқуға таңдалған жазушы, драматург, қоғам қайраткері Т.Әбдіктің «Қайырсыз жұма» атты әңгімесінен кітап талдауы № 176 мектептің 10-11 сынып оқырмандары арасында өткізілді. Төлен Әбдіковтың әрбір шығармасы өлмес туындыға айналып, уақытпен бірге жасасып келеді. Шығармада өмірдің дамуы, қоғамдық сана алдында тартқан ірі кезеңдерді тереңнен қозғай алады. Аумалы төкпелі кезеңде байлардың жұмысты асыра  пайдалануы, мемлекет құнын бөлісу сияқты әрекеттен асыра сілтеушіліктер, солақайлықты ашып берген. Т.Әбдіктің «Қайырсыз жұма» шығармасы шындықты бейнелейді. Оқырмандарымыз 11 «Ә» сынып оқушысы Балтабаева Дильназ, Асылбекқызы Шахназ шығарманы талқылап, 10 «Ә» сынып оқушылары Құрбанәлі Данияр, Нағашыбай Ерасыл, өз ойларын ортаға салды. Арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды. Шара соңында Қазақстан тарих пәні мұғалімі Бекжанова Әсем, кітапханашы А.Асанова қортындылап, өз ойын ортаға салды.
28 қыркүйек 2023 ж. 159

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам