Жауһар жырды жүрегінде тербеткен
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №16,17 кітапханалардың ұйымдастыруымен ақын Жадыра Дәрібаеваның 75 жылдығына орай «Жауһар жырды жүрегінде тербеткен» атты жыр кеші өткізілді.
Шараға «Қызылорда қызмет көрсету және сервис» колледжінің студенттері мен мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында Ж. Дәрібаеваның өмір жолдары мен шығармалары насихатталып, кітапхана оқырмандары ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. «Жәния» оқу орталығының өнерпаздары «Ата толғауы», «Нәр ағашы» күйлерін орындады. Кеш қонақтары № 271, 144 мектептің ұстаздары Бакирова Ж., Әбдіхалықова С. сөз алып, ақынның шығармашылығына тоқталды. Сонымен қатар, «Мейрімге құштар жүрекпен» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды.
Мақсаты: Оқырмандарға ақын Ж. Дәрібаеваның өмір жолдары мен шығармашылығын таныстыру, насихаттау.
Қатысқандар саны – 35