Қарттарым - асыл қазынам!
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №13 балалар кітапханасы мен Қалалық оқушылар мен жасөспірімдер үйінің бірлесе ұйыдастыруымен 1 қазан Қарттар күніне орай «Қарттарым - асыл қазынам!» атты мерекелік кеш кент ардагерлерінің қатысуымен өткізді. Мерекелік кештің қонақтары «Оқушылар үйінің» ардагер ұстазы, вокалист, шебер ұстаз, «Үздік ұстаз» төсбелгісінің иегері – Тұрсынбекова Гүлжамал Төлегенқызы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, эколог, ақын- Мұхамеджан Нұрханов, Мәдениет саласының еңбек ардагері, Тасбөгет кентінің қоғамдық кеңесінің мүшесі Шағыров Қабдеш Шағырұлы, Поэзия, проза, пародия, сатира, төрт жанрға қалам тартқн қаламгер, Қазақстан Журанлистер Одағының мүшесі, айтыскер ақын Өзденбаева Қазына Мералықызы, Мәдениет саласының еңбек ардагері, Тасбөгет кенті қоғамдық кеңесінің мүшесі – Тобағабылов Олжабай, Қазақстан Журалистер Одағы мен Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі, КСРО «Мәдени-ағарту» ісінің үздігі, «Қызылорда қоғамдық телерадиокомпаниясында» прдюсер, бағдарламалар директоры, шолушы журналист қызметтерін атқарған зейнеткер- Тілеген Ысқақұлы Бекарыстанов, Қазақстан Республикасының құрметті кітапханашысы – Қанқожаева Шамшахар Жанқожақызы, балалар кітапханасының зейнеткері- Жұмағазиева Бағжан Тұрсынқызы, Оқушылар үйінің құрметті зейнеткерлері – Дүйсенова Сауле Дияровна, Есіркепова Ажаркүл Әбдібайқызы қатысып кейінгі ұрпаққа ыстық ықыластарын, ризашылықтарын білдіріп, шын ниеттен алғыс баталарын жаудырды.
Кездесу кешке арнап оқушылар үйінің «Асыл мұра» дәстүрлі ансамблінің домбырашылар тобы бір қатар халық әндерін орындап, оқушылар жыр шумақтарынан шашу шашты. Жанерке Жанболатқызы «Қадірле тірісінде» термесін орындап, қалалық оқушылар үйінің деректоры Гауһар Құдайбергенова шараны қорытындылап, ардагерлерге сый-сияпат жасады.