Тарлан таланттың тағылымы
Белгілі жазушы - Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай №2 балалар кітапханасында №12 ІТ мектептің 7 сынып оқушылары қатысуымен «Тарлан таланттың тағылымы» атты сыр сандық танымдық кеш өтті. Балалар сыр сандықтан шыққан бүйымдарға қарап, жазушының шығармаларын атап , сол шығарманы естеріне түсіріп, қысқа мазмұндап берді. Шара соныңда қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сартова Камшат Қалдыбекқызы жазушы шығармаларына тоқталып, балаларға көбірек кітап оқудыұсынды. Кітап көрмесі бойынша жазушы шығармаларына шолу жасалып, кеңінен таныстырылды.







