Ұстазым – ұлы тұлғам

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхана Ұстаздар күніне орай өзгенің уақытын аялай, өз уақытын аямай шәкірт тәрбиелеу ісінде талмай еңбек етіп, білім нәрімен сусындатқан ұстаз есімін мәңгі ұлықтау мақсатында «Ұстазым – ұлы тұлғам» атты іс-шара өткізді. Шараға Қорқыт ата университетінің «Дизайн және технологиялар» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, Астана қаласы Суретшілер Одағының мүшесі Мақашев Еркін Пірмағамбетұлы қатысып, өзінің 30 жылдық еңбек өтілінде шәкірттерінің жеткен жетістіктері жайлы «Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіп дизайны» бөлімінің 1 курс студенттеріне әңгімелеп, іс-тәжірибе жүзінде жұмыстарын жүргізді. Студенттер бейнелеу өнеріне деген зор қызығушылықтарын білдіріп, кітапхана қызметкерлері ұсынған бейнелеу, мүсін өнері жайлы «Сырдың сырлы бояулары», «Әбілхан аға», «Сурет салу және бояумен жұмыс істеу әдістері», Т. Батанов «Сезім», Р. Базарбаева «Жарық күнмен сырласу» және т.б. әдебиеттермен танысып, өз білімдерін кітап арқылы шыңдайтындарын жеткізді. 
 
29 қыркүйек 2023 ж. 207

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам