Мейірімділік жүректен

   1-қазан Халықаралық қарттар күні. Жастарымыздың бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, дана-гөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, мейірімді, төзімді  тұлға тәрбиелеу  мақсатында  А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Мейірімділік жүректен» атты іс-шара ұйымдастырылды. Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әженің  ақылымен берілген. Осы орайда, кітапханамыздың ардагер оқырманы Кемелова Райкүл апай жастармен  жүздесіп, өнегелі өмір жолының  қиындығы мен қуанышы бірге өткен ғұмыры жайлы әңгімелеп берді.
   Шара соңында  ардагер апайымызды келе жатқан мерекемен құттықтап, ұжымның атынан сый-сияпат көрсетілді.  « Қарт кісіні құт-береке деп танысаңыздар, ол сіздердің ата-аналарыңыздан алған тәрбиенің нәтижесі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты жан»-деп өз сөзін аяқтап,  ұжым қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.
02 қазан 2023 ж. 163

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам