Ұлттық болмыс суреткері
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №10 кітапханада «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Төлен Әбдіктің шығармашылығынан «Ұлттық болмыс суреткері» атты әдеби кеш өткізілді. Оқырмандарға жазушының шығармашылығы мен өнегелі өмір жолы кеңінен таныстырылып, әдебиеттеріне шолу жасалды. Жазушының боямасыз өмір шындығымен ұштастырыла жазылған «Әке», «Қонақтар», «Парасат майданы», «Өліара» шығармаларын кітапхананың тұрақты оқырмандары мазмұнды етіп әңгімеледі.







