Жастар арасында рухани құндылықтарды түсіндіру және діни сауаттылықты арттыру
Жастардың діни сауаттылығын арттыру, рухани тұрғыда байыту, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпымызды жастар санасына сіңіру, дәстүрлі емес бағыттағы ағымдардан сақтандыру мақсатында, жүйеге қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Жастар арасында рухани құндылықтарды түсіндіру және діни сауаттылықты арттыру» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында кеш қонақтары Ұлытау облысы «Діндерді зерттеу орталығы» КММ директоры Қанапия Жадыра Манатқызы және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қызылорда облысы бойынша филиалының доценті, психология ғылымының кандидаты Аяғанова Алмагүл Жанаділқызы әлеуметтік желідегі діни ақпаратты алу, пайдасы мен зияны туралы, діни кітаптарды, жалпы діни білімді алу туралы ақпарат төңірегінде сөз қозғады. Іс-шара барысыда жастарымызға қазақ халқының мәдениеті мен рухани мұрасы жайлы, сонымен қатар жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығы туралы бірқатар сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды. Шараға арнайы «Имандылық ілімі-тәрбиенің тұнығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып,библиографиялық шолу жасалды.







