Ардақ тұтар – ұлы тұлға

   Ұстаз - ұлағатты   есім. Күн  сәулесі   өмірге қандай  жарық   берсе,  ұстаз  есімі   де шәкірттерге күндей  жарық   береді. Ұстаздық  өте жауапты    мамандық   екені   баршамызға белгілі. Ол мектептің  де,   қоғамның  да,   ғылымның   да, білімнің  де,  ұлттың  да, адамгершілік  пен ерліктің   де,  жақсы   мінез бен ақындықтың да нағыз  жанды    өкілі. Ол -  әрі ғалым, әрі  шешен, әрі    көшбасшы. Ұстаз  мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық    сезімдерінің  көрігі. Ұлағатты  ұстаздар мемлекетімізді  құрметтеп,    жауапкершілігін  шәкірттеріне жеткізіп   дарытушы.  
   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №13 балалар кітапханасы мен № 257 орта   мектеппен бірлесе ұйымдастыруымен 5 қазан - Ұстаздар күні орай «Ардақ тұтар – ұлы тұлға» атты мерекелік кеш бастауыш сынып оқушыларымен  өткізілді.   Шараға ән – әуез пәнінің бұғалімі   Молдабек  Аида, бастауыш сынып  мұғалімдері  Қожахметова   Қарлығаш, Үркімбаева Тания, Абибуллаева Шарбану, Арзымағамбетова Эльмира, Көшербаева  Айнаш  қатысты.
Мерекелік  кешке  «Ұстаздарға қошемет» ән үйірмесінің өнерпаздары  хормен  ашылып,    2 «Ә» сынып оқушылары Таукен Ақжүніс,  Ғани Жұлдыз, «Ұстаз ана»  әнін айтып мерекені ән  күйге бөледі. 4«В» сынып оқушылар Аймурза  Айсұлу, Самат Інжу, Мұрат Жансая, Жорабек Бейбарыс,  Оразбай Арайлым  ақындардың  ұстаздарға арналған  жыр   шумақтарынан жатқа  айтты. Халық  әні «Бипылды» Қожантаева Аида, Әділхан Кәусар, Нұрланқызы Диана,  орындап кеш  қонақтарының ықыласына бөленді. Хор «Қадірлі  ұстаз»  әнін ән үйірмесінің  өнерпаздары   айтып, шара соңында «Ұстаз - мектептің жүрегі»  атты кітап көрмесі бойынша әдебиеттерге шолу жасалды. 
05 қазан 2023 ж. 360

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам