Кемел Тоқаев – детектив жанрының дарабозы
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхана көрнекті жазушы, екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы, көркем сөздің шебері, драматург Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Кемел Тоқаев – детектив жанрының дарабозы» атты әдеби дайджест өткізді. Шара барысында алғашқы еңбек жолын журналистикадан бастап, сосын бірыңғай әдебиет әлеміне оның ішінде детектив жанрына бет бұрған, өз дәуірінің болмысын көркем сөзбен кестелеген қаламы қарымды жазушы Кемел Тоқаевтың өмірі мен шығармашылығы жайында ақпараттар беріліп, 5 томдық шығармалар жинағы, айбынды партизан, Халық қаһарманы Қ. Қайсеновтің ерлігі жайлы тұңғыш жазылған «Арнаулы тапсырма», «Солдат соғысқа кетті», «Түнде атылған оқ», «Тасқын», «Соңғы соққы», «Ұясынан безген құс», «Қастандық» және тағы да басқа сүбелі шығармалары мен «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған М. Әбіштің «Детективтің дарабозы», Қ. Әлімнің «Кемел мен Әзілхан» атты мақалалары таныстырылды.
Шараның мақсаты – ұлттық әдебиеттегі детектив жанрының дамуына зор үлес қосқан көрнекті тұлғаның шығармашылығын насихаттау, оқырмандардың көркем әдебиетке деген зор қызығушылығын арттыру, кітапханаға оқырман тарту.
Шараның мақсаты – ұлттық әдебиеттегі детектив жанрының дамуына зор үлес қосқан көрнекті тұлғаның шығармашылығын насихаттау, оқырмандардың көркем әдебиетке деген зор қызығушылығын арттыру, кітапханаға оқырман тарту.







