Райхан
Биылғы 2023 жылы "Бір ел-бір кітап" республикалық акциясы аясында белгілі драматург, жазушы, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармалары оқуға ұсынылды. Қазақтың көрнекті жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Төлен Әбдіктің шығармалары адам мінезінің құпия сырларына үңілуімен, өмірдің мән-мағынасына философиялық тұрғыда қарауымен, өмірдің қайшылықты құбылыстарының күрделі шындығын ашумен ерекшеленеді. Осы орайда, А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада қаламгердің «Райхан» деп аталған тырнақалды әңгімесіне кітап талдауы өтті. Жас жазушылардың «Таңғы шық» жинағында жарияланған бұл әңгімесі жарық көргенде, жазушы небәрі жиырма жаста екен. Кітап талдау барысында оқырмандар, мөлдір лиризмге толы әңгіменің басты кейіпкері Ғазизге ерекше тоқталды. Өйткені, оқиға бірінші жақпен баяндалады. Кейіпкердің жан әлеміне терең үңіліп, адамгершілік асыл қасиеттерін мейлінше ашып көрсетуге ұмтылған автордың ойын, оқырмандар мына сұрақтар төңірегінде ортаға салып, өз-ойларымен бөлісті.Кітап талдауы барысында шығарманың мазмұны ашылып, кітап оқырмандар сұранысына ие болды.
Төлен Әбдік – әдебиет көгінде жарқ етіп көрінген аса үлкен талант. Қаламгер атына айтылған жоғары құрмет, күні бүгінге дейін өз биігінен еш аласарған емес. Керісінше, дүниеге келген әр шығармасы қазақ прозасында құбылыс саналған жазушының жұлдызы тым асқақтап, одан бетер жарқырай түскен.Шараға қатысқан оқырман саны-23.