Қыз — өмірдің қызғалдағы
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №19 кітапханада 11 қазан-Халықаралық қыздар күніне орай «Қыз — өмірдің қызғалдағы» атты сұхбат кеші өткізілді. Кештің мақсаты: Қазақ халқының ұлттық болмысын сақтай отырып, қыздарға жат қылықтарды ажырата білуге, олардың денсаулығына, ұлт болашағына, рухани байлығына, тәрбиесіне келтіретін зияны туралы түсінік беру, олардың ішкі және сыртқы жан дүниесінің әдемі де арлы болуына шақыру. Кешке Болашақ РҚБ психологы, Абдрахманова Сымбат Нұртазаева, Хабиева Айдана Маратқызы, Облыстық «Бойтұмар» қыздар клубының жетекшісі Хабиева Айдана Маратқызы, №7 мектеп –лицейінің психолог маманы Төлеген Еркеайым Қайратқызы қатысып, жас оқырмандарға жақсы тәлім –тәрбиелік ой салар әңгімелер айтып, тақырыпты аша білді. ө Кеш барысында №7 мектеп-лицей оқушылары мен Жоғарғы медицина колледжінің студенттері қонақтарға көкейде жүрген сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды. Қазақ қызына тән қажетті тәлім-тәрбиелік видеоролик көрсетіліп, оқырмандардың өнерін де тамашалады. Кеш соңында қонақтар мен белсенді жастарымызға сыйлыққа құнды кітаптар сыйға тартылды.Кеш өте тартымды өтті.







