Жарық еткен жалын жазушы
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 20 кітапхананың ұйымдастыруымен жазушы, драматург, Н.Островский атындағы бүкіл одақтық әдеби сыйлықтың, Қазақстан мемлекеттік сыйлықтың лауреаты О.Бөкейдің 80 жылдығына орай «Жарық еткен жалын жазушы» атты оқырмандар конференциясы М. Мәметова атындағы педогогикалық жоғары колледжінің 3 курс студентерінің қатысуымен болып өтті.
Оқырмандардың белсенді талдауы «Бура» және « Тортай мінген ақ боз » атты екі әңгімесі төңірегінде өрбітіліп, шығарма бойынша сұрақтарға студентер белсене қатысып өз ойларымен бөлісті. Шараға Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреты, жазушы Сайлаубай Жұбатырұлы қатысып жастарға жазушының шығармалары мен өмірі туралы мәліметтер айтты. Автордың « Бура» әңгімесінде Бура өз ауылын талақ етіп тастап шығуы қазақтың басынан өткен ауыр тарихын баяндайды. Ата – бабаның қаны тамған, кіндік кесіп , кір жуған туған ауылын « талақ етуге» мәжбүр еткен заманның жымысқы саясаты еді. ХХ Ғасыр басында Алаш азаматтары – М. Дулатов « Оян, қазақ! деп ұрандаса, Ахмет Байтұрсынов « Маса» болып ызыңдап еді. Ал О. Бөкей сол ғасырдың екінші жартысында аға буын дәстүрін бураның зарлы боздауымен жалғастырды. « Тортай мінген ақ боз ат» әңгімесін оқи отырып әке шешесі жоқ жетім баланың білімге құштарлығы оның сырласатын жалғаз досы тек кітап екені айтыла отырып ауылдан оқуға аттанған жазушымыздың Тортайдың жетпеген жетісігіне орындалмаған арманына жеткені, Тортай мінбеген ақ боз атқа өзі мінгені айтылады.Тортайдың оған деген шын достық адал ниеті шынайы тілмен баяндалған. Жазушы әр шығармсында өзінің туған жері Шыңғыстай ауылының әсем табиғатын тыныс тіршілгін әсерілі етіп көркем тілмен баяндайды. Сонымен бірге жазушының көрмеге қойылған кітаптары оқырмандар назарына ұсынылды.Жазушы өмірі мен еңбек жолы, шығармалары арнайы слайд арқылы таныстырылды. Шара барысында жазушының өмірі , еңбек жолы насихатталып шығармалары кеңінен таныстырылды. Колледж студентері жазушыға арнау өлеңдерін оқыды.
Кешке арнайы шақырылған қонақтарға сөз беріліп , шараға белсене қатысқан студентерге арнайы дайындалған алғыс хаттар табысталды. Шараның басты мақсаты О. Бөкейдің шығармалары мен өмір жолы мен танысыра отырып жастарды кітап оқуға шақыру көркем әдебиеттерді насихаттау.