Оралхан Бөкей-көркем сөздің құлагері
Қазақ әдебиетінің көркемсөз шебері Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай №4 кітапханада «Оралхан Бөкей-көркем сөздің құлагері»атты әдеби портрет өткізілді. Оқырмандардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру және жас ұрпақ арасында қазақ әдебиетінің классикалық туындыларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы кеңінен айтылып, «Үркер», «Қайдасың, қасқа құлыным?», «Қар қызы», Біздің жақта қыс ұзақ» атты шығармалары таныстырылып, оқуға ұсынылды.







