Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды
Мемлекеттік рәміздер –мемлекетіміздің негізгі құрамдас бір бөлігі. Алтын күн мен қыран бейнеленген көк Туымыз, барша қазақстандықтардың шаңырағы ретінде бейнеленген Елтаңбамыз бізді бүкіл әлемге тәуелсіз Қазақстан ретінде танытты. Осыған орай №4 кітапханада «Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды» атты екі бөлімнен тұратын әдеби дайджест өткізілді. Шара барысында Қазақстан мемлекеті, Президенті, рәміздері туралы көптеген мағлұмат беріліп, кітап көрмесіне шолу жасалды.







