Жасын ғұмыр жазушы
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №17 Қызылжарма ауылдық кітапханасында көркем сөздің зергері жазушы, Алтайдың асқақ жыршысы атанған Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жылдығына орай «Жасын ғұмыр жазушы» атты әдеби портрет өткізілді. Шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы мәлімет беріліп, кітапхана оқырмандары Жолдасбек Ақбота, Қалықбек Динара өздері оқыған қаламгердің «Қар қызы», «Бәрі де майдан үшін» хикаяттары жайлы ой-пікірлерін ортаға салып, оның шығармаларындағы кейіпкерлер-ауыл адамдары-қойшылар, бұғы өсірушілер, диқандар, орманшылар, ересектер мен жастар екені туралы айтты. Сонымен бірге оқырмандарға бейне слайд көрсетіліп, кітаптарына шолу жасалды. Шараның мақсаты: талант иесі жазушы Оралхан Бөкейдің рухани өмірін жас ұрпақ өкілдеріне насихаттау.







