Ақиық ақын-Мұзағаң

    Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты  №14 Белкөл кітапханасында      қазақтың көрнекті ақыны Мұзафар Әлімбаевтың  100 жылдығына  орай    «Ақиық ақын-Мұзағаң»  атты әдеби-жыр  кеші  №189 мектептің 11 сынып оқушылары қатысуымен өткізілді.  Ақынның қаламынан туындаған  жырларын жас оқырмандар жатқа мәнерлеп оқып,  шығармашылығы кеңінен таныстырылды.  Мұзафар Әлімбаев- қазақ әдебиетінде  ерекше орны бар, балалар жазушысы ретінде танылған,  әдеби ортада «бала жанының бағбаны»  атанған ірі тұлға. Ақын тек жазушы ғана емес әдебиет зерттеуші, журналист, публицист, аудармашы және қазақ тілінде тұңғыш рет <Манас> эпосын аударған тұлға. Кеш өте қызықты өтті.
 
12 қазан 2023 ж. 290

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам