Тәуелсіздік-таусылмайтын жыр әнім

    Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 25 қазан Республика  күніне орай «Тәуелсіздік-таусылмайтын жыр әнім» атты  қалалық жас  талапкер ақындардың  жыр мүшайрасы өткізілді. 
Шараның мақсаты көк байрағы көкте желбіреген тәуелсіз қазақ елінің өткені мен бүгінін жастардың бойына сіңіру, жарқын болашағына алаңдар ойлы, ұлтқа жанашыр жастардың қалыптасуына ықпал етіп, Отанын сүйетін, елін-жырын қастерлейтін жас ақындардың есімдерін анықтау.   
    Жыр мүшайрасына 15-21 жас аралығындағы жас ақындар қатысып, мүшайра ережесі бойынша талапкерлер бірінші кезеңде Тәуелсіз қазақ елін,   қасиетті мекенімізді жырлап, арнау өлеңдерін , ал екінші кезеңде еркін  тақырыпта   өлеңдерін оқыды.   
       Мүшайраға ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Қызылорда облыстық филиалының директоры Қаршыға    Есімсейітова, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Республикалық жыр мүшайраларының жүлдегері  ақын Мақсат Дауылбай, сарапшы-педагог Ж.Махамбетов атындағы №43 мектептің қазақ  тілі мен әдебиеті  пәнінің  мұғалімі Гүлзия  Жұмағалиева төрелік жасады. 
 Қорытындысында  үздік деп танылған  «Орда»жоғары колледжінің студенті Бекарысова Маржан бас жүлде, М.Мәметова атындағы жоғары колледжінің студенті Теміршеқызы Шадыман 1 орын, С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі студенті 2 орын, С.Лапин атындағы №261 орта мектебінің оқушысы Қуандықова Алтынай мен М.Мәметова атындағы жоғары колледж студенті Қуанышбай Гүлім жүлделі 3 орынды иеленіп бағалы сыйлықтармен,  дипломдармен марапатталса, ынталы талапкерлерге арнайы  номинация табысталды.
23 қазан 2023 ж. 337

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам